
2020 жылдан бастап Қазақстанда еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шарттарын есепке алу көзделген.
Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі (бұдан әрі – ЕШЕБЖ) – еңбек шарттарын, еңбек қызметін және қызметкерлер санын есепке алуды автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе.
Жаңадан жасалған еңбек шарттары туралы мәліметтерді жұмыс беруші екі тарап еңбек шартына қол қойған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей, өзгерістер мен толықтырулар туралы – күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей және еңбек шарты 3 жұмыс күні ішінде тоқтатылған кезде ЕШЕБЖ енгізуге тиіс. Сондай-ақ, ЕШЕБЖ жүктілікке және баланың (балалардың) туылуына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс беру туралы мәліметтер енгізіледі.
ЕШЕБЖ жүргізу жұмыс берушінің міндеті болып табылады және «enbek.kz» порталда жүзеге асырылады.
Еңбек заңнамасының сақталуына жұмыс берушілердің жауапкершілігін күшейту мақсатында ӘҚБтК-нің 98-бабы бойынша еңбек шарттары бойынша деректерді еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізбегені үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленді.
Осыған байланысты, Қостанай облысы бойынша еңбек инспекциясы өңірдің барлық жұмыс берушілерін еңбек заңнамасын бұзбауға және өздерін айыппұл салмауға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-enbek/press/news/details/1220713?lang=kk

Жауап қалдыру