Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде Отбасы күніне орай салтанатты кеңес өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шараны Департамент басшысының орынбасары Б.Т. Сатқанбаева ашып, ұжым қызметкерлерін мерекемен құттықтады. Өз сөзінде отбасы құндылықтарын сақтау мен нығайтудың қоғамдағы маңыздылығына тоқталып, әр шаңыраққа амандық, бірлік пен береке тіледі.

 

Кеңес барысында құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А.Ш. Турикпенбаева «Аналар күні, Халықаралық отбасы күні және Әкелер күні: отбасы құндылықтарын нығайтудың маңызы» тақырыбында баяндама жасап, отбасының қоғамдағы рөлі, ұлттық тәрбие мен ұрпақ сабақтастығының маңыздылығы жөнінде атап өтті.

 

Іс-шара соңында көпбалалы ата-аналарға, сондай-ақ Департамент қызметінің дамуына елеулі үлес қосып жүрген мамандарға алғыс білдіріліп, марапаттар табысталды.

 

Мерекелік кеңес ұжым арасында отбасы институтының маңызын насихаттап, сыйластық пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1221384?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді