
2026 жылғы 15 мамырда Текелі қалалық әкімдігінің мәжіліс залында қолданыстағы заңнама талаптары мен белгіленген нормаларға сәйкес мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібін түсіндіруге арналған семинар өткізілді.
Әр мекеме мен ұйымнан мемлекеттік рәміздерге жауапты тұлғаларға әдістемелік құралдар табысталды.
Іс-шара барысында семинар қатысушыларына (Текелі қаласы әкімінің аппаратына, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарына, мемлекеттік мекемелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдарға) мемлекеттік рәміздердің жай-күйіне ішкі мониторинг жүргізу, сондай-ақ осы саладағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде ұсынымдар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-comdev/press/news/details/1221385?lang=kk

Жауап қалдыру