Қостанай ауданындағы ерлік сабақтары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 8 мамырында  Заречный мектеп -лицейінде архивист И.П. Объедкова 4 және 3 сыныптар үшін Ұлы Отан соғысының ардагерлері Л. Беда, И. Павлов, А.И. Полонский және Н.Е. Афанасьеваның Қостанай аудандық мемлекеттік архивіндегі құжаттары бойынша мектеп сабағын өткізді. Оқушыларға Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің өмірбаяндары мен естеліктері таныстырылды.

4 сыныпта өткен «Олар соғысты басынан өткерді» сабағында оқушыларға Ұлы Отан соғысының ардагерлері Л. Беда, И. Павлов, Н.Е. Афанасьева (Бахтина) туралы айтылды. Сондай –ақ, соғыс ардагері, білім беру ісінің үздігі – А.И. Полонский туралы да айтып өтілді.

3 сыныпта өткен «Ол лайықты өмір сүрді» сабағында соғыс және еңбек ардагері, ағарту ісінің үздігі, бұрынғы соғыс тұтқыны, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы ардагері А.И. Полонский туралы айтылды.

Ерлік сабақтарынан кейін архивист И.П. Объедкова балаларды мектеп ауласында орналасқан, Ұлы Отан оғысында қаза тапқан жылқышыларға арналған обелискке апарды. Бұл обелиск 1967 жылы А.И. Полонскийдің бастамасымен, мектеп мұғалімдері мен оқушыларының күшімен салынған.

Балалар қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, обелискке гүл шоқтарын қойды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-akparattandyru-mem-kysmet/press/news/details/1220984?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді