
23 сәуір – Ұлттық кітап күні және Кітапханашылар күніне орай Ақтау қаласындағы Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.
Іс-шараға Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД және №43 мекеме қызметкерлері қатысты. Жиын кітап сүйер қауымды бір алаңға біріктіріп, рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталды.
Қызметкерлер кітапхананың заманауи қызмет түрлері мен жаңа жобаларымен танысты. Сондай-ақ, интеллектуалдық және QUIZ форматындағы интерактивті ойындар өткізіліп, қатысушылардың білім деңгейі мен логикалық ойлау қабілеті сынға түсті.
Мерекелік кездесуде қызметкерлер өңірдің ақын-жазушыларымен жүздесіп, еркін форматта сұхбаттасты.
Қорытындысы қарапайым: кітап – тек ақпарат емес, ол ойды өсіретін, көзқарасты кеңейтетін құрал.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/1221782?lang=kk

Жауап қалдыру