БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІН МОНИТОРИНГІЛЕУ ӨТКІЗІЛДІ
2026 жылдың 12 мамыр күні Казталов ауданының 5 білім беру ұйымында білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу (ББЖМ) бағытында тестілеу ұйымдастырылды.
4-сынып оқушыларына тестілеу 154 минутқа (2 сағат 34 минут) ұйымдастырылып, оқу сауаттылығы бойынша 10 сұрақ, математикалық сауаттылықтан 20 сұрақ және жаратылыстану-ғылыми сауаттылықтан 20 сұрақ ұсынылды.
9-сынып оқушылары үшін тестілеу уақыты 189 минутты (3 сағат 9 минут) құрады. Оқушылар оқу сауаттылығы бойынша 15 сұраққа, математикалық сауаттылықтан 20 сұраққа және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша 30 сұраққа жауап берді.
Тестілеу «Талдау» сайты арқылы өткізіліп, академиялық адалдықты сақтау мақсатында Zoom платформасы негізінде прокторинг жүйесі қолданылды. Тест аяқталғаннан кейін қатысушылар арнайы сауалнама толтырды.
Бақылаушы ретінде облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы Алтынғаным Бақытқызы Жаңатаң және Көпкүтір НОМ базасында өткен тестілеу жұмыстарына қатысты.
Мониторинг білім алушылардың функционалдық сауаттылық деңгейін анықтауға, білім сапасын саралауға және оқу жетістіктерін бағалауға бағытталды.
Жауап қалдыру