
Департаментте мемлекеттік қызметшілер арасында Әдеп кодексі мен мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру семинары өтті.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебін нығайту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру.
Семинар барысында қызметтік тәртіпті сақтау, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары, қаржылық бақылау шаралары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, мүдделер қақтығысының алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін көзделген қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік мәселелері жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу, кемсітушілікке жол бермеу және әріптестер арасында өзара сыйластықты нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің қызметкері қатысып, қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, заңнама талаптары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1222720?lang=kk

Жауап қалдыру