
«Тазалық – өркениеттілік белгісі, құрылыс – дамудың кепілі»
Байғанин ауданының әкімі Айбек Купеновтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті.
Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететін бірқатар маңызды мәселелер қаралды:
«Таза Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы;
Аудан көлеміндегі құрылыс жұмыстарының қарқыны мен сапасы;
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын дамыту мәселелері.
Мәжілісте аудан аумағын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелі жүргізу қажеттігі атап өтілді. Сонымен қатар, салынып жатқан нысандардың сапалы әрі мерзімінде пайдалануға берілуі қатаң бақылауда екені айтылды.
ТҮКШ және инфрақұрылым салалары бойынша ауылішілік және ауданаралық жолдардың сапасын жақсарту бағытында нақты тапсырмалар берілді.
Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімі жауапты бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне берілген тапсырмаларды уақытылы әрі сапалы орындауды тапсырды.
Ауданның даму бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1224730?lang=ru

Жауап қалдыру