Су ресурстары саласындағы заңдылық пен бақылау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

20 мамыр күні «Балқаш-Алакөл бассейндік су инспекциясы» мен «Балқаш қаласының Тілдер орталығы» қызметкерлері «Су ресурстары саласындағы заңдылық пен бақылау» тақырыбы аясында бірлескен іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында су ресурстарын пайдалану саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру және су қатынастары саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, «судың қара нарығы» мәселесін де талқыланып, заңсыз су алу, тасымалдау және сату фактілері су ресурстарын бақылаусыз пайдалануға, су пайдалану тәртібінің бұзылуына, су тұтынуды есепке алу деңгейінің төмендеуіне әкеліп, мемлекет мүддесіне зиян келтіретіні атап өтілді.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, профилактикалық шараларды жетілдіру, су пайдаланудың ашықтығын арттыру және заңсыз су айналымының жолын кесу бойынша қосымша шаралар қабылдау жөнінде ұсыныстар әзірледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kroivr-water/press/news/details/1224707?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді