
Қонаев қаласының мәслихаты барша мәдениет саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелері – Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтайды!
Мәдениет – ұлт руханиятының алтын қазығы, ел бірлігі мен ұлттық құндылықтардың айнасы. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында халқымыздың бай мәдени мұрасы насихатталып, өнер мен руханияттың дамуына зор үлес қосылып келеді.
Әрбір мәдениет қызметкерінің еңбегі – қоғамның рухани дамуына қосылған маңызды үлес. Сіздердің шығармашылық ізденістеріңіз, кәсібиліктеріңіз бен мәдениетке деген адал қызметтеріңіз өскелең ұрпаққа өнеге болып табылады.
Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс, толағай жетістіктер мен отбасыларыңызға амандық тілейміз! Еліміздің мәдениеті мен өнері өркендей берсін!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-qonaev/press/news/details/1225194?lang=ru

Жауап қалдыру