«Дарынды жастар – ғылым мен жаңашылдықтың болашағы» атты дөңгелек үстел өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылорда облысы цифрлық технологиялар басқармасының өкілдері IT саласына қызығушылық танытқан аймақ жастарына басқарманың жұмыс процесін таныстыру мақсатында “Дарынды жастар – ғылым мен жаңашылдықтың болашағы” атты дөңгелек үстел өткізді. Шарада болашақ мамандар мен белсенді жастар жасанды интеллект пен цифрландыру бағыттары бойынша өзекті мәселелерді талқылап, тың идеяларымен бөлісті.
Іс-шара аясында қатысушылар «Облыстық мекемелер үйі» ғимаратында орналасқан Ахуалдық орталықтың жұмысымен танысты. Сонымен қатар, басқарманың негізгі қызмет бағыттары мен күнделікті жұмыс процесі көрсетілді. Сондай-ақ, серверлік бөлменің жұмысы таныстырылып, жүйелік әкімшілердің серверлер мен ақпараттық жүйелерге жүргізетін мониторинг жұмыстары түсіндірілді.
Бұдан бөлек, қатысушылар облыстық мәслихат залының заманауи техникалық мүмкіндіктерімен және бейнеконференц байланыс жүйелерімен танысты. Шара барысында мемлекеттік қызмет саласында қолданылатын цифрлық шешімдер мен ақпараттық жүйелердің тиімділігі туралы да кеңінен айтылды.
Кездесу барысында жастарға цифрландыру саласындағы негізгі бағыттар, мемлекеттік қызметтегі заманауи IT шешімдер, жасанды интеллект технологияларын қолдану мүмкіндіктері және ақпараттық қауіпсіздіктің маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/cifrovizaciya-kyzylorda/press/news/details/1224912?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді