
Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының прокуроры А.Н.Омаров, Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің басшысы М.А.Ахметовтың қатысуымен «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында, сондай-ақ еңбек ұжымдарында туындаған мәселелерді шешу, жедел құқықтық және өзге де көмек көрсету мақсатында, инвесторлар тізілімінде тұрған «Жакко Қарағанды» ЖШС жұмыскерлерімен және басшылығымен инвестициялық жобаны іске асыру және еңбек заңнамасын сақтау мәселелері бойынша кездесу өткізілді.
Кәсіпорын қызметкерлеріне еңбек заңнамасының, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптары түсіндіріліп, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу тәртібі талқыланды.
Сонымен қатар, ұжыммен алаяқтықтың, лудоманияның алдын алу мәселелері бойынша профилактикалық әңгіме жүргізіліп, еңбек саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік түсіндірілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1224911?lang=ru

Жауап қалдыру