
Атырау облыстық мәслихатының депутаттары «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы ұйымдастырған модульдік оқыту бағдарламасы аясында үш күндік семинарға қатысуда.
Аталған білім беру алаңы заман талабына сай ойлайтын, стратегиялық шешім қабылдай алатын кәсіби басқарушылар корпусын қалыптастырып, қатысушылардың саяси менеджмент, мемлекеттік басқару, бюджеттік жоспарлау, коммуникация және көшбасшылық бағыттары бойынша біліктілігін арттыруға бағытталған.
Семинардың ашылуында «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Бейбіт Мырзағалиев оқытудың басты мақсаты партиялық кадрлардың кәсіби әлеуетін арттыру және заманауи басқару дағдыларын дамыту екенін жеткізді.
Оқыту семинарын Астана қаласынан арнайы келген тәжірибелі сарапшылар мен тренерлер жүргізуде. Үш күнге жоспарланған бағдарлама аясында қатысушылар теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, интерактивті дәрістер, тәжірибелік тренингтер және пікірталас алаңдары барысында өзара тәжірибе алмасуда.
Бүгінде өңірлердің тұрақты дамуы кәсіби, жауапты әрі заманауи көзқарастағы кадрларға тікелей байланысты. Нәтижесінде жоба жергілікті басқару сапасын арттырып, кәсіби әрі бәсекеге қабілетті жаңа буын кадрларын қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-atyrau-region/press/news/details/1225537?lang=ru

Жауап қалдыру