
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.Мерекелік жиынға азаматтық қорғау органдарының ардагерлері, Департаменттің жеке құрамы және құрметті қонақтар қатысты.Шара барысында қызметтік міндеттерін адал атқарып, азаматтық қорғау саласының дамуына үлес қосқан бірқатар қызметкерлер Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволық наградаларымен марапатталды.Сонымен қатар, салтанатты жиынға қатысқан Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының Төрағасы М.Р. Мұқаев Департамент қызметкерлерін мерекемен құттықтап, сала қызметкерлеріне Алғыс хаттар табыстады.Іс-шара барысында ардагерлерге ерекше құрмет көрсетіліп, олардың азаматтық қорғау жүйесін дамыту жолындағы еңбектері атап өтілді.Осындай тағылымды кездесулер өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастырып, елге қызмет етуге деген құрметті арттыра түседі. Ардагерлердің өмір жолы мен еңбегі – бүгінгі қызметкерлер үшін үлкен мектеп әрі рухани мұра.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zko/press/news/details/1225191?lang=ru

Жауап қалдыру