«Қазақтың қабырғалы қаламгері» атты оқырмандар конференциясы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстанның Халық жазушысы,
қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, тарихи роман жанрының дара шебері Қабдеш Жұмаділовтің 90 жылдық мерейтойына орай «Қазақтың қабырғалы қаламгері» атты тақырыпта оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды.
Конференция барысында қатысушылар жазушының қазақ әдебиетіндегі орны, тарихи тақырыптағы туындылары, ұлт тағдырын арқау еткен шығармалары жайында пікір алмасты. Әсіресе «Соңғы көш», «Тағдыр», «Дарабоз» романдарының тарихи маңызы мен тәрбиелік мәні кеңінен сөз болды. Сонымен қатар қаламгердің шетелдегі қазақтардың тағдырын суреттеудегі шеберлігі ерекше аталып өтті.
Шара аясында жазушының кітаптарынан көрме ұйымдастырылып, өмірі мен шығармашылығына арналған библиографиялық шолу жасалды. Оқырмандар қаламгер шығармаларынан үзінді оқып, әдеби талдау жүргізді. Конференцияға қатысушылар Қабдеш Жұмаділов шығармаларының ұлттық рухты көтерудегі, тарихи сананы жаңғыртудағы рөліне ерекше тоқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-baishegir/press/news/details/1225026?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді