Қостанай облысы әкімдігінде кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау мәселелері қаралды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әкім орынбасарларының, қалалар мен аудандар әкімдерінің қатысуымен Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы бейнеконференцбайланыс режимінде өтті.

Отырыс барысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жазғы демалысты ұйымдастыру және кәмелетке толмағандар арасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері қаралды.

Негізгі тақырыптардың бірі — мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру, сондай-ақ профилактикалық есепте тұрған және әлеуметтік тұрғыдан қолайсыз әрі көпбалалы отбасыларда тұратын балалардың бос уақытын тиімді өткізу мәселелері болды.

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті атынан баяндама жасаған — ТЖД бастығының орынбасары Марат Дусанғалиұлы Нұрғалиев.

Талқылау барысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларына ерекше назар аударылды:
▪️ балалардың терезеден құлау жағдайларының алдын алу;
▪️ су айдындарында қаза болу мен жарақаттанудың алдын алу;
▪️ балалар алаңдары мен қалалық инфрақұрылым нысандарындағы қауіпсіздік;
▪️ кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

 Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар жазғы кезең қарсаңында ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтудің және профилактикалық жұмыстарды жандандырудың маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kostanay/press/news/details/1224845?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді