Шалқардың вокзалы жаңғыртылып жатыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шалқар ауданына жұмыс сапары аясында облыс әкімі Шалқар қаласындағы теміржол вокзалында жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

«СК Ретма» ЖШС мердігер ұйымының өкілі қазіргі таңда нысандағы қасбеттік жұмыстар толық аяқталғанын, шатыр мен терезе конструкциялары орнатылғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта ішкі әрлеу жұмыстары, бөлмелерді бояу және вокзал маңайын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Құрылыс жұмыстарының жалпы құны 1,1 млрд теңге. Жөндеу жұмыстары 2025 жылдың мамыр айында басталған және биылғы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Нысанның дайындық деңгейі шамамен 65 пайызды құрайды.

Айта кету керек, жоба тек вокзал ғимаратын жаңартуға ғана емес, сонымен қатар жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасауға, қызмет көрсету сапасын арттыруға және өңірдің көлік қолжетімділігін жақсартуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-sayasat/press/news/details/1225077?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді