
Бескөл ауылдық округі, Бескөл ауылында орналасқан «Үйгентас», «Людмила», «Виктория», «Дастан» және т.б дүкендерде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы талаптарын түсіндіру мақсатында зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Зерделеу барысында кәсіпкерлік нысандары иелеріне ҚР «Тіл туралы» Заңының 21-бабы талаптары егжей-тегжейлі түсіндірілді. Қорытынды нәтижесінде кәсіпкерлік нысандарда үш кемшілік анықталып, оларды жою бойынша тиісті ұсыныстар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-beskol/press/news/details/1225257?lang=ru

Жауап қалдыру