
Қостанай облысында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері мен АҚШ делегациясының қатысуымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласында тәжірибе алмасуға арналған халықаралық семинар өтуде 🇰🇿🇺🇸
Семинар аясында ҚР ТЖМ қызметкерлері «Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайларды жою» тақырыбында баяндама жасады.
Александра Мейз «Төтенше жағдайларды басқаруды стратегиялық жоспарлау: төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл жоспарлары (EOPs) және маңызды ақпарат элементтері» тақырыбында баяндама ұсынды.
Аризона штатының Төтенше жағдайлар және әскери істер департаментінің маманы Джаред Джонсон «Төтенше жағдайларды қалпына келтіру және жою мәселелері» тақырыбында сөз сөйледі.
Кездесу барысында қатысушылар төтенше жағдайларға ден қою, ведомствоаралық өзара іс-қимыл және азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ делегация Ыбырай Алтынсарин музейі мен кесенесіне барды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kostanay/press/news/details/1224844?lang=ru

Жауап қалдыру