Ақтөбеде жұмыс іздеуші және жұмыссыз азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 25 мамыр күні сағат 10:00-12:00 аралығында «Keruen City» ойын-сауық орталығының 3-қабатында «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру және Қала күніне орай жұмыс іздеуші және жұмыссыз азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді.

Іс-шараны ұйымдастырушы – Ақтөбе облысының Еңбек мобильділігі орталығы.

Жәрмеңкеге жұмыссыз азаматтар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар, сондай-ақ алимент бойынша берешегі бар азаматтар қатысады.

Іс-шараға 20-дан астам жетекші кәсіпорын, шағын және орта бизнес өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер қатысып, 260-тан астам өзекті бос жұмыс орындарын ұсынады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-social/press/news/details/1226658?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді