«Астана Опера» сахнасында «Қыпшақ қызы Аппақ» операсының премьерасы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Астана Опера» театрында «Қыпшақ қызы аппақ» операсының премьерасы сахналанды. Премьера Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ұсынылып, Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналды.

Қойылым Ғабит Мүсіреповтің драмасының желісі негізінде жазылып, қыпшақ аруы Аппақтың тағдырын арқау етеді. Шығарма арқылы махаббат, сағыныш, соғыс пен бейбітшілік, мейірім мен адам тағдыры секілді терең тақырыптар көрініс тапқан. Қойылым қазақтың тарихи-мәдени мұрасын түркі және шығыс әлемінің көркем кеңістігімен сабақтастырады.

Оқиға көрерменді қыпшақ даласы мен көшпелі өмір салтынан бастап, хан сарайы мен теңіз жағалауындағы көріністерге дейін жетелейді. Қойылымдағы тор – бодандықтың, қыран – еркін рух пен азаттықтың белгісі. Ал финалдағы гүл көмкерген кең дала өмірдің жалғасы, үміт пен қайта жаңғырудың нышанын бейнелейді.

Спектакльдің музыкалық өрнегі әлемдік классика жауһарларын қазақы дала сазымен және шығыс әуендерінің иірімімен тоғыстырады. Ұлттық аспаптардың үні, хор партиялары, пластикалық шешімдер мен ауқымды сценография қойылымның көркемдік ерекшелігін айшықтай түсті.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1226808?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді