«Astana Tourism» Ресей қалаларындағы роуд-шоу серияларын жалғастыруда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Қазақстан астанасының туристік әлеуеті Сібірдің ең ірі қаласы – Новосибирскіде таныстырылды.

Іс-шараның ашылу саштанатында Новосибирск облысы экономикалық даму министрінің орынбасары Анна Винникова құттықтау сөз сөйледі.

«Новосибирск облысы мен Қазақстан арасындағы туристік ағындарды арттыруға деген қызығушылық зор. Жыл сайын біздің өңірге түрлі мақсаттармен 12 мыңнан астам турист келеді. Негізінен бұл – іскерлік және мәдени-танымдық туризм, сондай-ақ медициналық қызметтер экспорты да дамып келеді», – деді Анна Винникова.

Роуд-тур барысында «Astana Tourism» орталығы мен Новосибирск облысының туристік ақпараттық орталығы, сондай-ақ Новосибирск қаласының туристік ақпараттық орталығы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Құжаттар екіжақты өзара іс-қимылды дамытуға, өңірлердің туристік мүмкіндіктерін ілгерілетуге және туризм саласындағы серіктестік байланыстарды нығайтуға бағытталған.

Астананың туристік мүмкіндіктерін Қазақстанның туристік саласындағы 18 жетекші компания мен ұйымының өкілдері таныстырды. Іскерлік бағдарламаға «Skyway», «Pegas Touristik», «Kendala Travel», «Shef Tour» және «Gvidon Tour» туроператорлары, «Vietjet Qazaqstan» әуе компаниялары, «Rixos Borovoe», «Greenwellness Burabay», «Wyndham Garden Burabay», «Ramada by Wyndham Astana», «Wyndham Garden Astana» және «Mystery Lake Park Hotel» қонақүйлері қатысты.

Сондай-ақ іс-шараға туристер құқықтарын кепілдендіру жүйесінің әкімшісі «Туристік Қамқор», «KazGuides» ассоциация в, «DualKZ» туризм агенттігі, «Visit Aqmola» ақпараттық орталығы, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры, «Ost West» авиаагенттігі және «ҚР балалар-жасөспірімдер туризмі мен демалысы қауымдастығы» ЗТБ қатысты.

 

https://www.instagram.com/p/DYmjL-loeZj/?hl=ru

https://www.instagram.com/p/DYkMTqyIUDQ/?hl=ru

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1226899?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді