Бүгін Түркістан қаласында «TURKISTAN – 2026: Қожа Ахмет Ясауи мұрасын дәріптеу және ішкі туризмді дамыту» конференциясы басталды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Конференцияға еліміздің өңірлерінен мәслихат төрағалары, депутаттар, сала мамандары мен сарапшылар жиналды. Іс-шараға Абай облысының мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков қатысты.

Конференция «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі мен Түркістан облыстық мәслихатының ұйымдастыруымен өтіп жатыр. Жиын барысында ішкі туризмді дамыту, тарихи-рухани мұраны насихаттау, өңірлер арасындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.

Бағдарлама аясында қатысушылар үшін бірқатар панельдік отырыстар, кездесулер және Түркістан қаласындағы тарихи-мәдени нысандарды аралау жоспарланған. Конференция жұмысы алдағы күндері жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-abay/press/news/details/1226303?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді