Денге қызбасына күдікті жағдай кезіндегі іс-қимыл тактикасын пысықтау бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 22 мамырда Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2026 жылғы 12 ақпандағы №36-НҚ бұйрығын орындау мақсатында Астана қаласының санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің және Қарағанды қаласының санитариялық-карантиндік бақылау мамандарының қатысуымен «Сары-Арқа» әуежайы» АҚ базасында Денге қызбасына күдікті науқас анықталған жағдайда жүргізілетін алғашқы эпидемияға қарсы іс-шаралар мен оқу-жаттығу сабағының тактикасын пысықтау бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді. Дөңгелек үстелге Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы, «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қарағанды облысы бойынша филиалы, Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, желілік полиция бөлімі және әуежай қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында Қарағанды облысының аумағына аса қауіпті және карантиндік инфекциялардың әкелінуі мен таралуының алдын алу, төтенше жағдайлар туындаған кездегі санитариялық-эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, инфекциялардың пайда болу себептері, негізгі берілу жолдары және қауіп факторлары талқыланды. Қатысушыларға оқу-жаттығу жоспары, шұғыл хабарлау схемасы және іс-қимыл алгоритмдері таныстырылып, аса қауіпті инфекциялар анықталған жағдайда қызметтердің өзара әрекет ету тактикасы пысықталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1226686?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді