
Адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға, отбасы мәртебесін артыруға бағытталған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық кезеңіне құжаттар қабылдау басталғанын хабарлаймыз!
Конкурсты өткізудің мақсаты:
1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңыздылығын мойындау;
2) балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың жауапкершілігін арттыру;
3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балалардың еңбекке жарамсыз және қарт ата-аналарға қамқорлығын көрсету және кеңінен насихаттау;
4) қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау.
Қатысу үшін өтінім мен құжаттар 2026 жылдың 15 мамырынан 15 маусымға дейін дейінгі аралықта Шалқар аудандық ішкі саясат бөлімінде қабылданады. Құжаттарды қағаз немесе электрондық нұсқада тапсыра аласыздар.
«Мерейлі отбасы» конкурсының ережесі және конкурсқа қатысу туралы ақпаратты Шалқар аудандық ішкі саясат бөлімінен алуға болады.
Ақпаратты 8(71335) 21-5-27 нөміріне хабарласып біле аласыздар!
Байқау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысымен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес өткізіледі (Қағидаларға ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 306 және 2022 жылғы 16 қарашадағы № 904 қаулысымен өзгерістер енгізілді).
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-togyz/press/news/details/1226591?lang=ru

Жауап қалдыру