
Алматы облысы Полиция департаменті республика көлемінде өтіп жатқан «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді жұмыстар жүргізуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жауапкершілігін арттыру және жол қозғалысы ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жүргізушілермен профилактикалық кездесулер өткізіп, жылдамдықты асырмау, қауіпсіздік белдігін тағу, мас күйінде көлік басқармау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілерге де жол ережелерін сақтау қажеттігі ескертілуде.
Полицияның басты мақсаты – азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1226598?lang=ru

Жауап қалдыру