
Абай облысында полиция, прокуратура және «ҚазАвтоЖол» қызметкерлерінің ұйымдастыруымен азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында «Жолда қабылдау» акциясы өтті. Шараның негізгі мақсаты – тұрғындарға құқықтық ақпарат беру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ көші-қон заңнамасы мен жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселелерінде кеңес беру болды.
Акция барысында 150-ден астам облыс тұрғыны өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, полиция, прокуратура және «ҚазАвтоЖол» мамандарынан нақты әрі жан-жақты жауап алды. Ең көп қойылған сұрақтар қатарында көлік құралын тіркеу, жүргізуші куәлігін алу, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарды төлеу, республикалық маңызы бар жолдардың жай-күйі, жол қауіпсіздігі, сондай-ақ көші-қон мәселелері бойынша кеңестер болды.
Қатысушылар акция барысында құқықтық кеңес алып қана қоймай, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен ашықтығын тәжірибе жүзінде көрді.
«Жолда қабылдау» акциясы құқық қорғау органдары, «ҚазАвтоЖол» және халық арасындағы сенімді арттыруға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын күшейтуге және мемлекеттік қызметтерді тиімді көрсетуге бағытталған маңызды бастама болып табылады. Шара барысында қойылған сұрақтар мен ұсыныстар болашақтағы құқықтық түсіндіру жұмыстарын жетілдіруге бағыт-бағдар ретінде қолданылатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1226913?lang=ru

Жауап қалдыру