«Есептегі тұлға»: Абай облысында 946 есептегі тұлға тексерілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысының аумағында 18–22 мамыр күндері «Есептегі тұлға» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіп жатыр.Оның басты мақсаты – есепте тұрған тұлғалардың тұрғылықты мекенжайларының дұрыстығын тексеру, олардың құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі әрекеттерін күшейту, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен заң талаптарының сақталуын қатаң бақылауға алу.

👮‍♂️ Іс-шара барысында барлығы 946 есептегі тұлға тексерілді. Оның ішінде:

🔺65 тұлға әкімшілік бақылауда тұр;
🔺138 тұлға шартты мерзімінен бұрын босатылғандар қатарында;
🔺166 тұлғаға қорғау нұсқамасы шығарылған;
🔺173 тұлғаға сотпен мінез-құлыққа қатысты ерекше талаптар қойылған;
🔺129 тұлғаның бұрынғы сот жазасы әлі де жойылмаған.

Абай облысы Полиция департаменті баршаңызды құқықтық жауапкершілікті сезініп, заң талаптарын толық сақтауға шақырады. Қоғамдық тәртіпті сақтау әрқайсымыздың парызымыз және азаматтық борышымыз болып табылады. Есептегі тұлғалардың тексерілуі – тек бақылау емес, сондай-ақ олардың қоғамға қайта бейімделуін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу шарасы.

Абай облысы полициясы тұрғындардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіптің сақталуына ерекше көңіл бөліп, барлық іс-шараларды кәсіби деңгейде жүзеге асыруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1227038?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді