
Сарыағаш қаласындағы «Сарыағаш» теміржол вокзалында ауқымды қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Нысандағы құрылыс барысын аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы аралап көріп, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен мерзімінде орындалуына баса назар аударды.
Аудан басшысы мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, құрылыс жұмыстарының талапқа сай әрі уақытылы аяқталуы тұрғындар мен жолаушылар үшін маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, нысанның қауіпсіздігі мен сапасына ерекше мән беру қажеттігін жеткізді.
Қазіргі уақытта вокзал ғимаратында құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Нысанда 20 жұмысшы кірпіш қалау және бетон құю жұмыстарымен айналысуда. Ал перрон аумағындағы жұмыстарға 8 адам тартылып, іргетасын дайындау және құрылымдық бекіту жұмыстары атқарылуда. Жобаның тапсырыс берушісі – «Қазақстан Темір Жолы» АҚ болса, құрылыс жұмыстарын «Bold Construction Group» ЖШС жүзеге асыруда.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1227020?lang=ru

Жауап қалдыру