
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Рудный қаласындағы №11 жалпы білім беретін мектептің «Жасыл пульс» экологиялық клубы табиғатты қорғау бағытында белсенді жұмыс жүргізуде.
Клуб мүшелері экологиялық мәдениетті қалыптастыру, ғылыми жобаларды дамыту және табиғатты аялау бойынша түрлі бастамаларды жүзеге асырып келеді. 2012 жылдан бері мектеп базасында «Тырналар ұшады» қалалық фестивалі өткізіліп келеді. Биыл алғаш рет «EcoStartUp Track» экологиялық стартаптар байқауы ұйымдастырылды.
Оқушылар ғылыми конференциялар мен байқауларда жоғары нәтиже көрсетіп, су тазарту, қалдықтарды қайта өңдеу және экологиялық әдеттерді қалыптастыруға бағытталған жобаларын таныстыруда. Сондай-ақ Тобыл өзенінің жағалауында плоггинг форматындағы экологиялық акция өткізу жоспарланған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1226992?lang=ru

Жауап қалдыру