
Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы басшылығы мен білім беру ұйымдарының өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті.
Кездесу барысында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ жазғы демалыс кезеңі мен оқу жылының аяқталуы кезінде балалардың қауіпсіз жүріс-тұрысын ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Полиция өкілдері кәмелетке толмағандардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған жүйелі профилактикалық жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз қоғамдық орындарда болуын болдырмау және кәмелетке толмағандарға алкоголь мен темекі өнімдерін сатуға жол бермеу қажеттілігіне назар аударылды.
Түлектердің қауіпсіздігі мәселесіне ерекше көңіл бөлініп, оқу жылының аяқталуына байланысты өткізілетін мерекелік іс-шаралар кезеңінде мемлекеттік органдар, білім беру ұйымдары және ата-аналар қауымдастығы арасындағы өзара іс-қимылды күшейту қажеттігі айтылды.
Сонымен қатар жазғы кезеңде құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар күшейтілген режимде жалғасын табатыны атап өтілді.
Брифинг қорытындысында құқық қорғау органдарының өкілдері журналистердің сұрақтарына жауап беріп, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1227350?lang=ru

Жауап қалдыру