Соңғы қоңырау соғылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Құрметті түлектер! Ардақты ұстаздар! Қадірлі ата-аналар!

Баршаңызды ерекше әрі маңызды күн — Соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

2025–2026 оқу жылында Әуезов ауданында 4 мыңнан астам түлек мектеп бітіруде. Биыл ауданымыздың 191 оқушысы «Алтын белгіге» үміткер атанды.

Сонымен қатар аудан оқушылары олимпиадалар мен зияткерлік жарыстарда жоғары нәтиже көрсетті. Қалалық кезеңде 844 оқушы қатысып, 151 оқушы І орын, 149 оқушы ІІ орын, 165 оқушы ІІІ орын иеленді. Республикалық кезеңде 101 оқушы аудан намысын қорғады.

Халықаралық олимпиадаларда оқушыларымыз 7 алтын, 4 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды.

Жас ұрпақтың болашағы үшін аянбай еңбек етіп жүрген барлық ұстаздарға зор денсаулық, шығармашылық табыс, абырой мен шәкірттеріңіздің жетістігін көре берулеріңізге тілектеспін!

Жас түлек! Жолдарыңыз ашық, армандарыңыз асқақ болсын! Алдағы емтихандардан сүрінбей өтіп, Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары нәтиже көрсетіп, армандаған мамандықтарыңызға оқуға түсулеріңізге шын жүректен тілектеспін.

Еліміздің көк туын биікте желбірететін, Тәуелсіз еліміздің мерейін асқақтататын ұрпақ болыңыздар!

Ізгі тілекпен, Абзал Егембердиев!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1227994?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді