«Ашық есік күні» акциясы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» қағидаттарын ілгерілету және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында Маңғыстау облысының аумақтық нотариаттық палатасының мүшесі – жекеше нотариус Н.Д.Демегеновамен «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.

 

Іс-шара барысында қабылдауға келген азаматтар нотариаттық қызметке қатысты өзекті мәселелер бойынша сұрақтарын қойды. Атап айтқанда:

 

• мұрагерлік құқықты рәсімдеу тәртібі;

• сенімхаттарды куәландыру мәселелері;

• жылжымайтын мүлікке байланысты мәмілелерді нотариаттық рәсімдеу тәртібі жөнінде сұрақтар көтерілді.

 

Қабылдау барысында азаматтарға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-mng/press/news/details/1228752?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді