Лисаков қаласының қоғамдық кеңесі қала тұрғындары мен қонақтарының назарына.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Лисаков қаласының қоғамдық кеңесі қала тұрғындары мен қонақтарының назарына ҚХР-дың Гонконг арнайы әкімшілік ауданында жаңа шектеулердің енгізілгені туралы ақпаратты жеткізеді.

2026 жылғы 30 сәуірден бастап Гонконгта  баламалы темекі өнімдері (Alternative Smoking Products) туралы жаңа заң күшіне енген, қабылданған заңға сәйкес:

– электронды темекілер (IQOS/Glo);

– вейптер және тағы да басқа баламалы құрылғылары;

– таяқшалар және оған тиісті сұйықтықтарды қолдануға және сақтауға, сондай-ақ өзімен бірге алып жүруге толық тыйым салынды.

Ерекшелік ретінде тек қалаға кірмей транзитпен өту  жағдайларына ғана қолданылады

Бұл заңды бұзғаны үшін :

  • 2 000 000 гонконг долларына (шамамен 255 000 АҚШ доллары) дейін айыппұл салу мен 7 жылға бас бостандығынан айыру;
  • аталған өнімдерді сыйға тарту әрекеттері үшін 50 000 гонконг долларына (шамамен 6 400 АҚШ доллары) дейін айыппұл мен 6 айға бас бостандығынан айыру жазалары қарастырылған.

Азаматтардан аталған өңірге баруды жоспарлаған кезінде осы талаптарды ескеруді және баратын елдің заңнамасын сақтауды сұраймыз.

Толық ақпарат ресми сайтта орналастырылған:

https://www.taco.gov.hk/t/english/legislation/legislation_asp.html

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-lisakovsk/press/news/details/1228750?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді