
2026 жылғы 26 мамырда аудандық мәслихаттың XLI сессиясы, аудандық мәслихаттың төрағасы С.Т. Баумағанбетовтың төрағалығымен, аудан әкімі Р.А. Аңбаевтың, аудан әкімінің орынбасарларының, мемлекеттік мекемелер басшыларының, ауылдық округ әкімдерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен өтті.
Сессия жұмысына Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Т.Қ. Тұрсынов қатысты.
Сессияда бірқатар мәселелер қаралды.
Аудан әкімінің орынбасары Е.Қ. Аманжолов «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есепті бекіту туралы» мәселе бойынша – слайдтарды көрсете отырып сөз сөйледі.
«Ауылдық округтердің 2025 жылға арналған бюджеттердің атқарылуы туралы есебі» мәселесі бойынша экономика, қаржы және халықты әлеуметтік қорғау салалары мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Ш.А. Қабылдин сөйледі.
Ауылдық округтердің 17 әкімінің есептері тұрақты комиссияның отырысында, ауданның қоғамдық кеңесімен бірлесіп, тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында тыңдалды, онда өз кірістерін арттыру жөнінде ескертулер айтылып, ұсынымдар берілді.
«Аудан бюджетінің және ауданның ауылдық округтерінің 2025 жылғы бюджеттерінің атқарылуы туралы есепті бекіту туралы» мәселе бойынша Т.Қ. Тұрсынов сөз сөйледі.
Талқылау барысында депутаттар 2025 жылғы аудан және ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы есепті бірауыздан бекітті.
Сондай-ақ, аудандық бюджетке нақтылау енгізілді.
Талқылау барысында депутаттар күн тәртібіндегі мәселелерді бірауыздан бекітті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-gm/press/news/details/1228974?lang=ru

Жауап қалдыру