
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» жалпы сомасы 47,5 млрд теңгеге 380 мың тонна астықты өткізу бойынша келісімшарттар жасасты. Оның ішінде 157 мың тонна азық-түлік бидайы экспортқа шығарылмақ, қазірдің өзінде жеткізу жөніндегі келісімдерге қол қойылды. Бүгінде астық Қытай, Ауғанстан, Тәжікстан және Әзербайжан елдеріне қарқынды түрде тамвмалдануда.
Ішкі нарыққа 222,7 мың тонна астық жеткізу жөнінде келісімшарттар жасалды. Ұн тарту кәсіпорындарының өтінімдері бойынша 36,8 мың тонна астық жөнелтілді. Құс және мал шаруашылығы кәсіпорындары 21 мың тонна, қайта өңдеу кәсіпорындары 40 мың тонна, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 33,4 мың тонна астық сатып алды. Қалған астық көлемі коммерциялық шарттармен сатылды.
Өткен аптада ETC тауар биржасы арқылы көлемі 10 мың тонна 3-сыныпты бидайдың ірі партиясын сату мәмілесі жасалды. Сатып алушы Қостанай облысындағы ұн тарту кәсіпорны.
Астық бағасының құбылмалылығы жағдайында ұлттық оператор ең алдымен ішкі нарықты тұрақтандыруға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық береді. Мұндай тәсіл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өндіретін қайта өңдеу және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына баға ауытқуларының әсерін төмендетуге мүмкіндік береді.
Ал ішкі нарықта астықтың сапалық көрсеткіштеріне айрықша назар аударылады. Бидай бағасы, дән маңызына қарай:
• 23–24% – тоннасына 102 мың теңгеден;
• 25–26% – тоннасына 105 мың теңгеден;
• 27–28% – тоннасына 114 мың теңгеден басталады.
Құс және мал шаруашылығы кәсіпорындарын атаулы қолдау мақсатында 4-сыныпты бидай төмендетілген бекітілген бағамен – тоннасына 95 мың теңгеден сатылуда. Осылайша, отандық ауыл шаруашылығы кәсіпорындары Азық-түлік келісім-шарт корпорациясынан жемдік астықты қолжетімді шарттармен сатып алуға жол ашылды.
Қайта өңдеушілер, импорттаушылар және агроқұрылымдар тарапынан қосымша 235 мың тонна астық сатып алуға өтінімдердің түсуін ескере отырып, ұлттық оператордың астық қоры азық-түлік бидайы мен жемшөптің мемлекеттік резервін қоса алғанда 875,2 мың тоннаны құрайды.
Қалыптастырылған ресурстар ішкі нарықтың қажеттілігін толық қамтамасыз етуге және елдегі азық-түлік тұрақтылығын сақтауға жол ашады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/1228436?lang=ru

Жауап қалдыру