
Косшы қаласының қоғамдық мәдени-спорттық кешенінде «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы мен «Адал азамат» тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында мерекелік іс-шара өткізілді.
22 мамыр 2026 жылы сағат 16:00-де Қосшы қаласының Қоғамдық мәдени-спорт кешенінде «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы және «Адал азамат» бағдарламасы аясында мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңға құрметті арттыру және құқықбұзушылықтардың алдын алу болды. Шара барысында буллинг, бопсалау, интернет-алаяқтық, нашақорлық және вандализмнің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шараға бокстан әлем және Азия чемпионы Ақшалов Мерей Төлегенұлы, джиу-джитсудан әлем чемпионы Әбдіркенов Азим Қапанұлы, танымал блогер әрі волонтер Тимур Спатайұлы және спорт шебері Мұхит Амантай мырза арнайы қонақ ретінде қатысты.
Бағдарламада патриоттық әндер, би қойылымдары, сахналық көріністер және құқықтық тәрбие тақырыбындағы сұхбаттар ұйымдастырылды.
Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1228413?lang=ru

Жауап қалдыру