
Атырау облысы әкімдігі «Мерейлі отбасы-2026» Ұлттық конкурсының бірінші кезеңі қалалық, аудандық тұрғыда құжаттар қабылдайтыны туралы хабарлайды.
Конкурстың мақсаты – өнегелі құндылықтарды жаңғырту, балаларды тәрбиелеуде ата-ананың жауапкершілігін арттыру, отбасы құндылықтарын кеңінен насихаттау, қазақстандық отбасының жағымды имиджін үгіттеу болып табылады.
Конкурсқа қатысуға өтінім аудандық (қалалық) комиссияға конкурстың басталғаны туралы көпшілікке жарияланған күннен бастап бір ай ішінде қағаз немесе электрондық нұсқада мынадай құжаттармен қоса беріледі.
Өтінім беру үшін құжаттар түпнұсқамен тапсырылуы қажет. Қажетті құжаттармен көрсетілген сілтемеден біле аласыздар: https://share.google/nY1b0bja152M8vZyk
Конкурсқа қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар және бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім мен құжаттар Атырау қаласы және аудандар әкімдіктерінің Ішкі саясат бөлімдерінде қабылданады.
2026 жылғы 15 мамырдан бастап 15 маусымға дейін Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдерді аудандық (қалалық) комиссияға қағаз немесе электрондық нұсқада қабылдау жүргізіледі. Қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылғы 12 маусым.
Аудандық (қалалық) комиссиялар 15 маусым – 1 шілде аралығында өтінімдерді қарап, облыстық екінші кезеңге жолдайды. 3 шілде – 17 шілде аралығы облыстық комиссиялар өтінімдерді қарап, үшінші кезеңге Республикалық комитетке жолдайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/1228394?lang=ru

Жауап қалдыру