
Өмірді сақтап қалған күрделі операция: оң жақты тотальді нефрэктомия сәтті орындалды.
Түркістан қалалық орталық ауруханасында оң жақ бүйректің қатерлі ісігі, гематурия және геморрагиялық анемия диагнозымен түскен науқасқа жоғары мамандандырылған хирургиялық ота сәтті жасалды .
Пациенттің өмірін сақтап қалу және аурудың әрі қарай таралуының алдын алу мақсатында дәрігерлер шешімімен оң жақты тотальді нефрэктомия операциясы жасалды. Ота барысында ісікпен зақымданған оң жақ бүйрек толық алынып тасталды.
Ота МӘМС аясында сәтті орындалып, науқас қазіргі жағдайы тұрақты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-densaulyk/press/news/details/1228416?lang=ru

Жауап қалдыру