САРЫАҒАШ: АҚЖАР ЕЛДІ МЕКЕНІН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

 

Сарыағаш ауданы аумағында тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытындағы инфрақұрылымдық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Осыған орай, аудан әкімі Арман Абдуллаев Ақжар ауылдық округінде жүргізіліп жатқан ауыз су нысандарының құрылыс жұмыстарымен танысып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын саралады.

 

Қазіргі таңда, Ақжар елді мекенін ауыз сумен қамту мақсатында нысан аумағында су қоймасын қоршау, диаметрі 110 мм және 160 мм болатын ауыз су құбырларын жүргізу, сондай-ақ су құдықшаларын орнату жұмыстары атқарылуда. Бүгінгі күнге дейін жалпы ұзындығы 30 шақырым болатын ауыз су құбыры тартылып, 150 дана су құдықшасы орнатылған.

 

Жоба толық жүзеге асқан жағдайда Ақжар елді мекеніндегі 7 мыңға жуық тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Аталған жобаның мердігер мекемесі – «САҚ-ҚҰРЫЛЫС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1228964?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді