ТЖ саласындағы халықаралық семинар Қостанай облысында өз мәресіне жетті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қостанай облысында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері мен АҚШ делегациясының қатысуымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласында тәжірибе алмасуға арналған халықаралық семинар өз мәресіне жетті 🇰🇿🇺🇸

 Семинардың қорытынды күнінде Аризона штатының Төтенше жағдайлар және әскери істер департаменті Төтенше жағдайлар басқармасының директоры Габриел Лавин Аризона штатының дағдарыс орталығы жұмысының ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу қағидаттары туралы баяндады.

Сондай-ақ Габриел Лавин Қостанай облысы аумағындағы апатты су тасқындарын жою бойынша үстел үсті оқу-жаттығуын өткізді. Оқу-жаттығу барысында қызметтердің өзара іс-қимыл алгоритмдері, жедел шешім қабылдау және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде күштерді үйлестіру мәселелері пысықталды.

 Кездесу қорытындысы бойынша тараптар азаматтық қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында естелік және бағалы сыйлықтармен алмасты.

Сонымен қатар Қостанай облысы ТЖД америкалық делегацияға естелік сыйлықтар табыс етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kostanay/press/news/details/1229000?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді