Ақмола облысы дін істері басқармасының басшысы Б.Н.Касеновтың Құрбан-айт мерекесімен құттықтауы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

Қадірлі жерлестер! 

Сіздерді ұлттық мәдениетіміз бен рухани тарихымыздың ажырамас бөлшегі – Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мейрам – тек діни дәстүр ғана емес, бұл ең алдымен жоғары адамгершілік мұраттардың, игілік пен өзара көмектің салтанат құруы. Ол қоғамымыздағы мейірімділік, кеңпейілділік және төзімділік сияқты қасиеттерді ұлықтайды.

Құрбан айт күндері көрсетілетін әлеуметтік қолдау мен қайырымдылық шаралары азаматтық қоғамның жетілгендігін және бір-бірімізге деген шынайы жанашырлығымызды көрсетеді.

Осынау мерейлі сәтте әрбір шаңыраққа амандық, бақ-береке және ырыс тілеймін. Ниет еткен қайырлы істеріңіз бен ізгі амалдарыңыз еліміздің гүлденуіне және өңіріміздің дамуына қызмет етсін.

Тәуелсіз Қазақстанның басты байлығы – тұрақтылық пен конфессияаралық татулық. Осы асыл құндылықтарды бірге сақтап, болашақ ұрпаққа аманаттау – ортақ парызымыз.

Мереке құтты болсын! Әрбір істеріңізге сәттілік, отбасыларыңызға тыныштық тілеймін!

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-din/press/news/details/1229085?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді