Жаңаарқа ауданының тұрғыны үйін жөндеу кезінде сирек кездесетін тарихи қару тауып алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, өзі сатып алған ескі үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде көне мылтық тауып алғанын мәлімдеді. Ең бастысы – азамат заң талаптарын қатаң сақтап, қауіпті олжаны бірден тәртіп сақшыларына табыстаған.Полиция қызметкерлерінің тексерісі барысында бұл жай ғана мылтық емес, әлемдік қару-жарақ тарихында ойып тұрып орын алатын, атақты конструктор Джон Мозес Браунингтің туындысы – Browning Auto-5 тегіс ұңғылы жартылай автоматты мылтығы екені анықталды. Бұл модель 1898 жылы құрастырылып, 1905 жылы ресми түрде қарулы күштер мен құқық қорғау органдарының қатарына қабылданған. Ол тіпті Екінші дүниежүзілік соғыс майдандарында да белсенді қолданылған.Қазіргі уақытта аталған қаруға тиісті баллистикалық сараптамалар тағайындалды. Оның нақты қай жылдары шыққаны және қандай да бір қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-ulytau/press/news/details/1229084?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді