ШҚО әкімі шығысқазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті шығысқазақстандықтар!

Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрбан айт – мейірім мен ізгілікті, татулық пен жанашырлықты дәріптейтін қастерлі мейрам. Бұл күндер адамдарды өзара қолдау көрсетуге, мұқтаж жандарға қамқор болуға, жақсылық жасауға үндейді.

Әр шаңыраққа шаттық пен амандық тілеймін. Ниеттеріңіз қабыл болып, отбасыларыңызға бақ-береке орнасын!

Құрбан айт мерекесі баршаңызға жақсылық әкелсін!

Құрметпен, ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1229090?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді