
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянды және Біріккен Араб Әмірліктерінің халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады.
Қазақстан Президенті өз хатында Ислам дінінің ізгілік, жасампаздық және үйлесімділік діні екенін, ал Құрбан айт – мұсылман үмбетін біріктіріп, бейбітшілікке, өзара құрметке, келісім мен түсіністікке шақыратын ұлық мереке екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы ортақ құндылықтар мұсылман қауымының одан әрі жақындасуына ықпал ете беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянның жауапты қызметіне толағай табыс, ал бауырлас Әмірліктер халқына құт-береке тіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1229092?lang=en

Жауап қалдыру