
Ермек Көшербаев шейх Абдалла бен Заид Әл Наһаянды Құрбан айт мерекесімен құттықтады.
СІМ басшысы бұл ұлық мереке мейірімділік, ізгілік, тақуалық пен қайырымдылықты дәріптейтінін, сондай-ақ бүкіл әлемге нұр шашып, халықтар арасындағы бірлікті нығайтатынын атап өтті.
Қазақ дипломаты Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы берік достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қатынастардың алдағы уақытта да өзара құрмет пен серіктестік рухында қарқынды дамитынына сенім білдірді.
Ермек Көшербаев шейх Абдалла бен Заид Әл Наһаянға зор денсаулық, сарқылмас күш-жігер және жауапты мемлекеттік қызметінде табыс, ал Әмірліктер халқына одан әрі өркендеу, бақыт пен береке тіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1229093?lang=en

Жауап қалдыру