
Құрметті Павлодар облысының тұрғындары! Қадірлі жерлестер!
Баршаңызды мұсылман жұрты үшін қадірі мен қасиеті айрықша Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұлық мейрам – адамзатты мейірім мен ізгілікке үндейтін, бауырмалдық пен жанашырлықты дәріптейтін ерекше күн. Осындай берекелі сәттерде халқымыздың дархан көңілі, үлкенге құрметі, кішіге ізеті, мұқтажға қамқорлығы айқын көрініс табады.
Туған өлкеміздің өсіп-өркендеуіне адал еңбегімен үлес қосып жүрген, ел бірлігі мен татулығын нығайту жолында аянбай қызмет етіп жүрген барша жерлестерімізге зор ризашылығымды білдіремін. Айналасына жылу сыйлап, өзгенің қуанышын бірге бөлісіп, қайғысына ортақтаса білетін азаматтарымыз – қоғамымыздың шынайы тірегі.
Қасиетті айт күндерінде жасаған барша дұға-тілектеріңіз бен ақ ниеттеріңіз қабыл болсын! Әр шаңыраққа амандық, бақ-береке, ырыс-несібе, денсаулық пен шаттық тілеймін. Құрбан айт мерекесі әр отбасыға тыныштық, жүректерге нұр, көңілдерге қуаныш сыйласын!
Құрбан айт қабыл болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/1229094?lang=ru

Жауап қалдыру