
Сіздерді барша мұсылман қауымы үшін ұлық мерекесі – қасиетті Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын!
Құрбан айт – жүректерді имандылыққа ұйытып, адамзатты ізгілік пен кешірімділікке, өзара ынтымақ пен бауырмалдыққа шақыратын ерекше күн. Тағылымы терең бұл мейрамда жасаған әрбір қайырымды іс пен мұқтаж жандарға көрсетілген көмек қоғамымыздың бірлігін арттыра түсері сөзсіз.
Осы айтулы күндері шалынған құрбандықтарыңыз бен қылған дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Отанымыз тыныш, туған өлкеміз өркендей берсін!
Құрбан айт мейрамы құтты болсын!
Нияз Макраев, Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/1229080?lang=ru

Жауап қалдыру