
⚜️Атырау облысы Әділет департаменті басшысы Г.У. Кыстаубаева Атырау қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен «Анаға тағзым: Дәстүр мен даму» атты «Аналар күніне»арналған Атырау өңірлік аналар форумына қатысты.
Форумның басты мақсаты – отбасы институтын
нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, аналардың, қоғамдағы рөлін арттыру және ұрпақ тәрбиесіндегі тағылымды тәжірибелермен бөлісу болды.
Форум барысында отбасы құндылықтарын сақтау,
аналардың қоғамдық белсенділігін арттыру, жастар тәрбиесі, ұлттық тәрбие мен заманауи даму бағыттарын ұштастыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1229170?lang=ru

Жауап қалдыру