«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ ҚАРАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімі Ербол Жиенқұловтың төрағалығымен аудандық аппарат кеңесі өтті. Кеңесте республикалық «Таза Қазақстан» акциясының аудан аумағында жүзеге асырылу барысы қаралды.

Күн тәртібіне сәйкес, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы міндетін уақытша атқарушы Ербол Иса баяндама жасады. Оның айтуынша, акция аясында аудан көлемінде көктемгі екі айлық абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Атап айтқанда, көшелер, арық-каналдар, саябақтар мен скверлер тазартылып, елді мекендерді көріктендіру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылған. Жыл басынан бері мекемелер, белсенді жастар мен ақсақалдардың қатысуымен 12 аудандық сенбілік ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, биыл аудан көлемінде «Үлгілі ауыл» конкурсы өткізіліп, жеңімпаз елді мекен облыстық кезеңге жолдама алатынын айтты.

Жиын барысында аудан әкімі Ербол Жиенқұлов аудан аумағындағы тазалық және абаттандыру жұмыстарының кейбір елді мекендерде тиісті деңгейде жүргізілмей отырғанын сынға алды. Сондай-ақ бөлім басшыларына, ауылдық округ әкімдеріне және мекеме жетекшілеріне тазалық жұмыстарын күшейту, бақылауды тұрақты жүргізу және нақты нәтижеге бағытталған жұмыстарды жандандыру бойынша қатаң тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-merke/press/news/details/1229432?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді